хордалы жануарларда эластинді сегменттелмеген қаңқа осі. Нерв түтігінің астында орналасқан көлденең цилиндрлік өсіндіге айналатын алғашқы ішек қақпашасының орталық бөлігінен дамиды. Ланцетникте, дөңгелек ауыздыларда, кейбір балықтарда (тұтасбастылар, бекіре, қостыныстылар) өмір бойы сақталады, ал қалған омыртқалылар мен қабыршақтыларда – тек эмбрионды кезеңдерінде болады. Дененің толқын тəрізді иілуі (жүзу барысында) хорда денесінің сегменттелген бүйір бұлшық ет əсерінен жүреді. Ересек омыртқалыларда хорда айналасында шеміршекті немесе алдымен толықтыратын, ал сосын нəтижесінде хорда омыртқаға айналатын, біршама ығыстырылатын омыртқалылардың сүйекті элементтері дамиды. Хорда қалдықтары омыртқаның амфицельді денешіктер арасында сақталады жəне оның ішінде ығыстырылған, омыртқа денесінің құрамына кіреді, омыртқа аралық дисктер толығымен жоғалады (құстар) хорда қабықшасының беріктілігі жəне оның серпімділігі тургорлы клеткамен байланысты, хорданың тіректік қызметін жоғарлатады. Эмбриогенезде ұрық хордасы – хордомезодерма деп аталады.