ХОСТ-КОМПЬЮТЕР

lat: Host-kompúter

[host] зат. инф. 1. Желідегі басқа компьютерлер (клиенттер) пайдалана алатын программалар мен файлдарды сақтайтын орталық компьютер.

2. Желі жүйесімен (мыс., интернет желісімен) тікелей байланысқан, өзіндік жеке адресі бар компьютер.

Тұтынушылар үшін бұл адрес ішкі мазмұны сандармен кескінделетін домен аты (domain name) түрінде болады. Желідегі қызмет ету компаниясының, яғни провайдердің (service provider) компьютері және де желімен тұрақты байланыстағы компьютерлер (permanent connection) хост-компьютер рөлін атқарады (Қаз. тілі термин. Информатика.).

Терілетін терминалдық байланыстағы компьютерлер (dial-in terminal connection) сол хост-компьютермен жалғасқан терминал ретінде жұмыс істейді (Қаз. тілі термин. Информатика.).