эукариот клеткаларының хромосомалары түзілетін нуклеопроетидті жіпшелері. Бұл терминді В.Флеминг 1880 ж енгізді. Хроматиннің негізгі құрылымдық компоненттері – ДНҚ (30-45%), гистондар – (30-50%), гистон емес белоктар – (4- 33%). Электронды микросуретте хроматиндер тізілген моншақты елестетеді. Хроматиндердің жоғары құрылымдық қатары хроматиннің сызықты элементарлық жіпшелер шоғыры – нуклеосомдардан түзіледі. Цитологияда хроматинді клетка циклының интерфаза кезеңіндегі хромосоманың күйі деп қарайды. Суперспирализация есебінен түзілген ілмек гистонды емес белоктардан түзілген «өстік қаңқаға» бекінеді. Бұл процестерге гистондар, металл иондары т.б. қатысады. Белсенді жəне белсенді емес хроматиндердің арасындағы айырмашылық құрамының əртүрлілігімен жəне соңғысының құрылымдық аралығы арқылы байланысады. Хроматиннің бұл түрлері нуклеосомдық арқылы ажыратылынуы мүмкін.