Хромды қоспа

lat: Hromdy qospa

х и м. Қаныққан калий дихроматының ерітіндісі мен концентрациялы күкірт қышқылының бірдей көлемдерінен дайындалатын қоспа.

Хромды қоспа күшті тотықтырғыш, қатты кірленген химиялық ыдыстарды жууға пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Химия).