ЮНКТАД

lat: IýNKTAD

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының халықаралық сауда ұйымы болып табылмайтын органы. 1964 ж. құрылған, оған 168 ел мүше. Негізгі міндеттері: халықараралық сауданы, мемлекеттер арасындағы тең құқықты өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу, халықараралық экономикалық қатынастардың жұмыс істеуі жөнінде жан-жақты ұсыныстар әзірлеу, т.б. Жұмыстың топтық әдісі бойынша мүше мемлекеттер әлеумметтік-экономикалық және географиялық қағидаттар бойынша төрт топқа бөлінген. ЮНКТАД шешімдері қарарлар немесе мәлімдемелер нысанында қабылданады және ұсыныс сипатында болады. Бұл ұйымның қамқорлығымен көп тарапты келісімдер мен конвенциялар әзірленеді, оның жұмысына бірқатар халықаралық ұйымдар қатысады.