ЮРИСДИКЦИЯ

lat: IýRISDIKSIaÁ

құқықтық құзыр тиісті мемлекеттік органдардың құқықтық дау дамайлардың шешімін тауып, құқық бұзушылық туралы істерді қарауға, яки тұлғаның не басқалай құқық субьектісінің әрекеттерін заңдылық тұрғысынан бағалап, тәртіп бұзушыларға заңи шаралар қолдануға қатысты уәкілеттіктерінің жиынтығы. Құқықтық құзыр қаралатын істердің түрі мен сипатына (қылмыстар, теріс қылықтар, мүлікке байланысты даулар) қарай айқындалады әрі соған байланысты әртүрлі органдардың құқықтық құзырына жатады.