ЮРИСТ

lat: IýRIST

з а т. [нем. Jurist] Заң мәселелері, заң ғылымдары бойынша маман қызметкер. Мен ю р и с т болып тергеу жүргізейін деп отырғаным жоқ, оны жүргізуді сіздерге сенеміз (Ж.Еділбаев, Буырқан.). Пәлі, ұяда не көрсең ұшқанда соны істерсің дегендей, балаң да ю р и с т боламын деп өз ізіңді қуып кетті ғой, деп Сұлуқия бір сәт өз көңілін өзі жұбатты (Ө.Күмісбаев, Жапырақ.).