Юнкер мектебі

lat: Iýnker mektebi

Алашорда үкіметінің бұйрығы бойынша Ойылда құрылған әскери мамандар дайындайтын мектеп. Бұйрықта Орал облысында қазақ әскерінің екі мыңнан асқаны, Самара комитетінен (Комуч) қару-жарақ алғаны, қазақ милициясына офицерлер дайындау Орынбор юнкерлер мектебінде жүргізіліп келгені айтылады. Ойылдағы юнкерлер мектебі Батыс Алашорда әскеріне командир-офицерлік кадр дайындауда төтенше маңызға ие болды. Бұл мектепті Алашорда тарихындағы белгілі тұлғалар А.Абылаев, Б.Атшыбаев, Б. Бейсенов, М. Бекімов, Т. Жалпақов, Е. Көпжасаров, Ғ. Мұхитовтар бітірген. Юнкер мектебінің түлектері, әсіресе, Алашорда әскерінің большевиктерге қарсы күресінде ерліктерімен көзге түсті.