дәстүрлі қазақы ортада адамның қайтыс болуына байланысты атқарылатын ғұрыптардың бірі. Қайтыс болған кісінің тіршілігінде тұтынған киім, айыл-тұрман, мылтық, қыран құс сияқты бұйымдар да осылай аталады. Мұндай бұйымдар марқұмның жақындарына естелік ретінде таратылды. Иіс атауы осы жайтқа байланысты қалыптасты. Қазақы ортада марқұмның көзі тірісінде тұтынған осындай бұйымдары оны жиі еске түсіріп, Құран бағыштап отыруға себеп болады деп есептеген. Ұзақ жасаған, беделді, қадір-қасиеті зор адамдардан тиген иісті қадірлі бұйым ретінде сақтаған. Мұндай адамдардың қадір-қасиеті иіс арқылы жұғысты болады, қолдап-қорғап, оң ықпалын тигізеді деп санаған.