з а т е с і м. Қатық, айран, ашытқан көже немесе ұнға тұз қосып жасаған, мал терілерін илеуге, өңдеуге арналған малма. Мынау қолдың тұрпатын көресіз бе, – деп, қаба сақал қарт алақанын жайды. – Ащы и, қатты қайыстың істегені (Ғ.Мұстафин, Миллионер). Мал терілерін илеудің екі түрлі әдісі бар. Оның бірі – үлкен күбіге немесе шелекке и ашытып, теріні соған салып илеу (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Кедейдің өзі жүрер малды бағып, Отыруға отын жоқ үзбей жағып, Тоңған и і н жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып (Абай, Тол. жин).