л и н г в и с т и к а л ы қ. Қысқа и – тіл ортасының таңдайға жуықтауынан жасалатын дауыссыз дыбыс. Ә фонемасының алдынан әнтек й дыбысы қосақталып тұр (Қазіргі қаз. тілі). 2. л и н г в и с т и к а л ы қ. Қазақ әліпбиінің он үшінші әрпі. Й әрпі көбінесе сөздің орта, соңғы буындарында жазылады (ҚСЭ). 3. Йа. Екі аяқ, екі қолын шарбаяқтап, Шалқалап ар жағына түсіп жатқан – Нүктесіз ашамайдай «й»-дың әрпі (Кете Жүсіп).