ИДЕАЛ

lat: IDEAL

адам бойындағы терең мақсатты, асыл арманды, үлгі-өнегені білдіретін ұғым. Идеал ұғымын көптеген ойшылдар зерттеді. Демокрит іліміндегі гедонизм, Платондағы ізгі идея, Аристотельдегі эвдоминизм ілімдері И.Кант, Ж.Ж. Руссо, Дж. Милль, т.б. ойшылдардың еңбектерінде жалғасын тапты. Ғылыми әдебиеттерде идеал тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың мінез-құлқы мен арман-тілектерінің сипатын және көріністерін айқындайтын рухани күш, үлгі-өнеге ретінде көрінеді.