ИДЕАЛ

lat: IDEAL

идеал, арман, мұрат. Идел адамның өмірден өзіне өнеге іздеуінен, біреуді үлгі, ардақ тұтып қастерлеуінен туындайды. Идеал(мұрат) адамның алдына қойған аса ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Мұратқа жету үшін, қолдан келетін әдіс-тәсілдің бәрін сарқа пайдаланып, оған күшті ерік-жігер және қажыр-қайратты жолдас етіп өзін тәрбиелеуге кірісу керек. Идел жақсыға жетуді арман етіп, сол үшін әрекет жасау. Идел дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Балаларды асыл мұратгар рухында тәрбиелеу ата-аналар мен педагогтардың және әлеуметтің міндеттерінің бірі.