ИДИОМА

lat: IDIOMA

[анг. idiom, нем. idiotimus, фр. idiotisme, гр. idioma «ерекше сөйлем»]. Сөздердің тікелей мағынасынан бөлек ұғым тудыратын, көбіне басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейтін тұрақты сөз тіркестері; мысалы: көз салмау, мұртын балта шаппау, тіс жарып ештеме айтпау, аза бойы қаза болу т.б.