ИЕСІЗ

lat: IESİZ

сын. 1. Иесі жоқ, ешкім иеленбеген.

Иесіз қалған, бұзылған тамға барып,

Қонушы еді қанатын қомдап алып.

Жоқтаушы еді оңаша отырып ап,

Оқшау шетте ұясы, талда қалып (1,87).

Алдымды кесіп ұшқанда,

Беремін сәлем құстарға.

Иіліп тағзым етемін,

Иесіз тұрған қыстауға (3,180).

2. Қаңырап бос жатқан, құлазыған.

Иесіз дала. Аңызақ. Арық көлік (1,261).

Иесіз тау.

Бір пенде жоқ сырласуға,

Жөнелді қонағына күн де асыға.

Жырадағы жалғыз үй орнында екен,

Шоқытып шыға келсем қыр басына (1,309).