ИГІЛІК

lat: IGİLİK

1) ізгі іс-әрекет пен жақсы жұмыстың мәнді нәтижесі. Игі әрекет жанұя үшін, ел үшін жасалады да, оның нәтижесі Игілік деп аталады. Қазақ халқының Отандық игілігі егемендік, тәуелсіздік;

2) әдеп пен философияда белгілі бір жағымды мағынасы бардың бәрі. Ежелгі заманның әдептік ілімдерінде әртүрлі ұғындырылды: рақат көру немесе құмарлықты тежеу, парасатты жаратылыстың төменгісінен үстемдігі мағынасындағы ізгілік және т.б. Платонда Игілік болмыс иерархиясындағы жоғарғы басқышпен ұқсастырылды. Аристотель Игілікті денелік (денсаулық, күш және т.б.), сыртқы (байлық, ар, даңқ және т.б.) және жандүниелік (ақыл алғырлығы, мінез қайырымдылығы және т.б.) деп саралады.

Орта ғасырлардағы схоластикада ең жоғары Игіліктер барлық Игіліктердің бастауы және адами тілек-армандардың түпкі мақсаты Құдай атымен байланыстырылды. Жаңа замандағы еуропалық философияда нені болсын Игілік деп бағамдауда (адам неге ұмтылса, оған не қажет болса сол) субъекттің рөлі баса көрсетілді. Игіліктің енді бір тұрғыдан ұғындырылуында оны утилитарлық пен пайдалылыққа саю болды.

XIX ғасырдың ортасынан былай «игілік» ұғымын «құндылық» ұғымы біртіндеп ығыстырып шығарды. Бұл мағынада жағымды материалдық және рухани құндылықтарды білдіретін бағамдаушылық сана мен құндылықтар туралы ілімнің (аксиологияның) жалпы ұғымы болды. Материалдық құндылықтарға рақат көру, пайдалылық, әл-ауқаттылық, қолайлылық, рухани жақсылық, әсемдік, ақиқат, көлемділік, шындық жатады.

Игіліктер адамның жоғарғы немесе сөзсіз өмір сүруінің амалы немесе шартты Игіліктер болып сараланды: соңғылары ілгерідегілеріне жетудің құралы делінді. Абсолют игілік деп өздігінен алғанда бағалы және қалаулы Итер деп аталды. Әртүрлі философиялық және әдептік ілімдерде абсолюттік игілік адамның мәнін және оның әлемдегі орнын (қоғамдағы, ғарыштағы) ұғына байланыстыра баяндау болды. Гуманистік дүниетаным кемел әрі еркін адамның басқа адамдармен, қоғаммен және табиғатпен үйлесімді мұратын игілік деп біледі.