ИЛЛЮЗИЯ

lat: ILLÚZIaÁ

Қазақша алдану деген мағынаны білдіреді. Иллюзия деп түрлі себептерге байланысты шындықтағы объекгілерді қате қабылдауды атайды. Иллюзия сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стаканға салынған қасықтың “сынған” затқа ұқсап тұруы физика заңдылықтарымен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі жаңсақ пікірлер адамның әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты. Көзге қозу үрдісінің жайылуы, көздің затқа бейімделуі, қозғалысы, қабылданатын затқа көздің төселмеуі т.б. 1. болмас іс, сағым; 2. бұлдыр, қиял деп аталады. Қабылдаудың, қиялдың және естің феномендері адамның миында болғанымен, шынайы құбылысқа немесе объектіге сәйкес келе бермейді. Сондай-ақ, иллюзияның әлеуметтік саяси бағытта да субъект бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар. Иллюзияның екінші мағынасы ұқсас жасау, алдау. Тарихта иллюзия терминінің ғылыми айналымға енуін 1874 ж. француз суретшісі К.Моненің “Таңның атуымен әсерлену” атты шығармасының көрмеге қойылуымен байланыстырады. Францияда иллюзия көркемдік әдіс ретінде сол жылдары қалыптаса бастады. Иллюзияның ірі өкілдері: Э.Мане, О.Ренуар. Э.Дега, К.Моне, А.Сислей, К.Писсаро, т.б.