ИЛЛЮЗИЯ

lat: ILLÚZIaÁ

Кейде заттарды біз, теріс, өзгерген түрінде қабылдаймыз. Осындай теріс, өзгерген түрде қабылдауды иллюзия деп атайды. Көру иллюзияларының табиғаты әлі де анықталып болған жоқ. Сондықтан да ол қабылдаудың кейбір ерекшеліктерінің салдарынан болса керек.

Адам тәжірибесі, қызметі теріс қабылдауды дұрыс қабылдаудан бөліп қарастыруға көмектеседі. Сонымен қатар иллюзиялар салыстырмалы түрде сирек кездесетін құбылыс.

Қабылдау қоршаған дүниені дұрыс бейнелеу болып табылады.

1. Жарық пен бояудың иллюзиясы. Кейде заттарды қабылдауда қателесу болады. Теріс қабылдаулар (иллюзиясы) әртүрлі анализаторлардың қызметінде байқалады. Көп жағдайда көру иллюзиясында қателесу жиі кездеседі. Жарық ашық түсті заттар күңгірт түсті заттарға қарағанда бізге үлкен сияқты көрінеді.

Мысалы, қара көйлек киген әйелден, ақ көйлек киген әйел толық көрінеді. Көлденең сызықты киім киген адамның денесі толық көрінеді де, ал тік сызықты киім киген дене ұзарады. Сол сияқты арық адам ақ киім кисе, толығырақ сияқты болып көрінеді.

Мысалы, көк түсті бөлме көлемі қызыл түспен боялған бөлмеден кеңірек сияқты болып көрінеді.

2. Контраст (қарама-қарсы) иллюзиясы тәжірибеде жиі кездеседі.

3. Салмақ иллюзиясы көлемі жағынан кішкентай зат, бірақ салмағы жағынан бірдей үлкен затпен салыстырғанда өте ауыр болып қабылданады.

Онда мынадай заңдылық бар: көлемі жағынан кішкентай зат салмағы жағынан жеңіл болу керек. Мысалы, егер бірінен соң бірін көлемі жағынан екі бірдей затты қолымызға алсақ, онда үлкен зат жеңіл сияқты қабылданады, ал кішкентай затты ауыр сияқты қабылдаймыз. Осы заңдылыққа байланысты металдан жасалған 1 кг кір, 1 кг мақтаға қарағанда ауыр сияқты көрінеді. Екеуінің салмағы бірдей болғанмен, теріс қабылданып тұр. Иллюзиядан галлюцинацияны айыра білуіміз қажет.

Иллюзия қабылданатын затты теріс қабылдау.