кейде заттарды біз, теріс, өзгерген түрінде қабылдаймыз. Осындай теріс, өзгерген түрде қабылдауды иллюзия деп атайды. Көру иллюзияларының табиғаты әлі де анықталып болған жоқ. Сондықтан да ол қабылдаудың кейбір ерекшеліктерінің салдарынан болса керек. Адам тәжірибесі, қызметі теріс қабылдауды дұрыс қабылдаудан бөліп қарастыруға көмектеседі. Сонымен қатар иллюзиялар салыстырмалы түрде сирек кездесетін құбылыс. Қабылдау қоршаған дүниені дұрыс бейнелеу болып табылады. 1. Жарық пен бояудың иллюзиясы. Кейде заттарды қабылдауда қателесу болады. Теріс қабылдаулар (иллюзиясы) әртүрлі анализаторлардың қызметінде байқалады. Көп жағдайда көру иллюзиясында қателесу жиі кездеседі. Жарық ашық түсті заттар күңгірт түсті заттарға қарағанда бізге үлкен сияқты көрінеді. Мысалы, қара көйлек киген әйелден, ақ көйлек киген әйел толық көрінеді. Көлденең сызықты киім киген адамның денесі толық көрінеді де, ал тік сызықты киім киген дене ұзарады. Сол сияқты арық адам ақ киім кисе, толығырақ сияқты болып көрінеді. Мысалы, көк түсті бөлме көлемі қызыл түспен боялған бөлмеден кеңірек сияқты болып көрінеді.