ИНДЕКСТЕУ

lat: INDEKSTEÝ

1) өзара шарттар мен міндеттемелер бойынша төлемдердің баға индексімен арақатынасы, ол шарттың қолданылуы кезінде инфляциялық процестерден қорғау болып табылады. Индексте шартқа, келісімге қандай да бір базалық шамаға қарай (ЕАВ-ға, ТБИ-ге т.б. қатынасы бойынша) төлемдер, (қарыздар) сомасына түзету жасау туралы ескертпелер қосуға негізделеді; 2) халықты (ақшалай қаражатты) инфляциядан қорғау тәсілі, мұнда мемлекет азаматтардың сатып алу қабілетін қолдау мақсатымен тұрақсыз экономикалық ахуал жағдайында бағаның өсуіне сәйкес олардың табысы мен жинақ ақшасын төлеуге міндетті болады.