ИНДИКАТОРЛАР

lat: INDIKATORLAR

бұл жоғары оқу орнының немесе бағдарламалардың стандарттарға сәйкестігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін, эмпирикалық жолмен өлшенетін ерекшелік сипаттамаларына жататын операциялық ауыспалы мәндер. Индикаторлар белгілі бір әрекеттің үрдісін анықтайды және түзеуді қажет ететін салалар туралы хабар береді және(немесе) жетістікке жеткізетін мақсаттар мен іс-шараларды салыстырып көруге мүмкіндік береді. Индикаторларды үшке бөлуге болады: 1) экономикалық иидикаторлар (бюджетпен байланысты); 2) өнімділік идикаторлары (өнімділік немесе шығыс алдындағы ресурстық салымдар мен нәтижелердің арасалмағы); 3) тиімділік индикаторлары (мақсаттар мен міндеттерге жету дәрежесі).