ИНЕ

lat: INE

1. Зергерлік өнерінде ою-өрнек жүргізу үшін алдын ала металл, былғары , ағаш бетіне белгі салатын, былғарыдан жасалатын бұйымдарды тігетін, жіп және тарамыс өткізетін ұшы үшкір құрал. Қолөнерінде, үй тұрмысында қолданылатын инелер жуан-жіңішкелігіне, үлкен-кішілігіне қарай үш топқа бөлінеді: жуан ине, бәсең ине, жіңішке ине.

Тұрмыста ине әртүрлі жұмыс барысында жиі қолданылады, сондықтан инеге байланысты атаулар мол ұшырасады: бақа ине ең кішкене ине, жәңжеделі ине, жөндем ине жуан ине, инелік ау тоқитын жіңішке ағаш ине, көземелі ине орташа іс инесі, иінағаш ау тоқитын ағаш ине, жуалдыз қап, етік, тоқым тігетін ине, тебен жуан ине, жуалдыз; сида ағаш тебен (онымен жазы көктейді), созан тебен; ағаштан не темірден жасалған, түйенің ауытын тігетін үлкен ине; сондай-ақ, қуыс ине, көк ине, болат ине т.б. түрлері бар.

2. Түйреуіш.