ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

lat: INFRAQURYLYM

1) экономиканың және адамдардың қызмет етуінін жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (Мысалы, өндірістік инфрақұрылым жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік тұрмыстық инфрақұрылым тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.); 2) материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүруі жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.