тамақ өнімдерін дайындаған кезде әр түрлі бактериялардың дамуын алдын алатын немесе тежейтін химиялық заттардың жинақтық аталуы, соның әсерінен стандартты сапалы өнім алынады. Ингибиторлар әр түрлі сусындар мен шырындар өндірісінде қолданылады, Субтилии, тиротроцип, полиорденолы, хлорамфеникол, биомицин, террамицин, күкіртті ангидрид және т.б. сияқты ингибиторларды қолдану шектерінің нормалары бекітілген. Консервіленген компоттарды, шырындарды, жеміс езбелерін аспаздықта қолданғанда аса мұқият болу керек, әсіресе қыздырған кезде құрамында ингибиторлардың болуын ескерген жөн оларды қыздырмау керек және кепілдігі жоқ консервіленген шырындарды 6 жасқа дейінгі балаларға беруге болмайды.