lat: INSAN
(ар. инсан انسان) – адам.
Бихамдулла, біздерді қылды инсан, Жайылар біздей құлдар хатыменен («Қисса Мансұр әл-Халаж». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Дүниеде болғыл пұлсыз, ғаріп, инсан, Самарқанд отын тұтқыл Бұхарадан («Ғабдолла Ғұмарұғлынан насихат». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Қадір Алла бар қылған жұмламызды, Жаратқан инсан қылып шүкір бізді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).