ИНТУИЦИЯ

lat: INTÝISIaÁ

Алдын ала әртүрлі дәлелдеу арқылы талдауларға сүйенбестен ақиқатқа тікелей жету. Интуиция тікелей интеллектуалдық білім түрі (интеллектуалдық интуиция) ретінде қабылданды. Декарт өз ілімінде интуитивті түрде табылатын, дәлелдеуді керек етпейтін айқын, ақиқат танымды интуиция мағынасында қарастырды. Интуиция мен дедукцияны ақиқатты ашудың басты құралы деп біледі. Спинозаның пікірінше, танымның үш түрі болады: ең төменгісі сезім мүшелерінің көмегімен жүзеге асады; одан кейінгісі ақылға сүйенеді, бірақ әртүрлі дәлелдеуді керек етеді; ең жоғарғысы да ақылға сүйенеді, бірақ дәлелдеуді керек қылмайды, заттың мәнін бірден ашып береді. Бұл интуиция болып табылады. Интеллектуалдық интуиция танымының ең жоғарғы түрі деп танылады. Фейербах интуицияны танымнын сезім арқылы әсерлену түрі деп таниды. Интуицияны организмнің ешқандай алдын ала түсіндірілмей келетін инстинктік қалыбы ретінде (Бергсон), шығармашылықтың санасыз келетін алғашқы шарты (Фрейд) деп те тану ғылымда орын алған.