ИНТЕЛЛЕКТ

lat: INTELLEKT

(парасат, зият), (лат. intellectus ақыл, парасат, ес) индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған барлық танымдық процестер кіреді. Интеллект адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект ақпаратты мақсатты бағытты қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары: а) оқуға деген қабілеттілік; б) қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда Интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңдестіріледі. Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық-ерік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері: абстрактылы зияты, ересектер зияты, нақты Интеллект, кристалданған Интеллект күңделікті Интеллект, жануарлардың зияты, жасанды Интеллектің көрсеткіші анықталған коэффициент деңгейіне байланысты.