ИНТЕЛЛЕКТ ТЕСТІЛЕРІ

lat: INTELLEKT TestİLERİ

индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностика әдістемелері. Интеллект тестілерінің көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұсқауда көрсетілген логикалық топтастыру, ұқсастыру, қорыту және т.б. қатынастарды анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қояды. Есептер кейде суреттерден, геометриялық фигуралардан және т.б. тұрады. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының ойдағыдай өткені анықталады, зияттылық коэффициенті шығарылады. Алайда тестілеу нәтижелерінің сыналушының ақыл-ой әлеуетін анықтаудан гөрі оның бұған дейінгі тәжірибесінің, оқытылғандығының ерекшеліктерін анықтауға ғана себеп болатын жағдайлар мен қиыншылықтар бар. Сондықтан бұл нәтижелерді «тестілік» немесе «психометриялық» зият деп есептеуге де негіз бар. Шын мәнінде «тестілік» зият индивидтің ақыл-ойы дамуының деңгейін көрсетеді, ал мұның критерийі нақты зият тестілерінің авторлары ұсынған ұғымдар мен терминдердің және олардың арасындағы логикалық қатынастардың жинағы болып шығады. Әр түрлі мәдениеттердің өкілдері болып табылатын индивидтер үшін бұл жинақтың критерий бола алмайтыны түсінікті. Интеллект тестілерінің әртүрлі үлгілері теориялық зерттеулерде және дефектология практикасында қолданылады, тестілеу нәтижелері үшін өңдеудің ерекше әдістері талдап белгіленген.