ИНТЕРВЬЮ

lat: INTERVÚ

зерттеушінің алдына қойған мақсаты мен міндетіне сәйкес зерттеуші (интервью алушы) мен Респондент арасындағы тікелей әлеуметтік-психологиялық өзара қарым-қатынаста қолданылатын сауал жүргізудің негізгі бір түрі. Ол зерттеу пәнін нақтылау және Анкета бойынша сұрақтар мен жауаптарды құрастыру үшін жаппай анкеталық сауал жүргізуге дайындық кезеңінде, кейде статистикалық мәліметтерді толықтыруда қолданылады. Респондент болып сарапшылар, яки белгілі бір қызмет саласындағы мамандар (сарапшылық интервью деп аталатын) қатысуы мүмкін. Интервью сауалнама жүргізуден айырмашылығы мұнда сұрақшаны (бланкті) толтырады, интервью жүргізуші мен респонденттің қатынас құралы және мәліметті тіркеу әр алуан (телефон, магнитофон, теледидар т.б.) болады.