ИНТЕРВЬЮ

lat: INTERVÚ

ақпарат жинаудың сауалнамалық түрі, интервьюер мен респонденттің тікелей байланысын қарастырады. Интервью алу жалпы зерттеу бағдарламасының аясында және нақтылы жоспар негізінде жүргізіледі. Қорытындылары тізіліп, кейіннен өңделіп, түсініктеме беріледі. Сауалнама жүргізумен салыстырғанда интервью алу мәлімет жинаудың машақаты көп әрі қымбатқа түсетін әдісі.