сұхбат – сұхбат алушының сұхбат берушіге тікелей ауызша үндеуімен, сөйлесуімен сипатталатын жауап алудың түрі. 1) баспасөзге, радио хабарына, теледидарға арналған сұрақтар мен жауаптар нысанындағы әңгіме; 2) әлеуметтік зерттеулердегі зерттеушінің жеке адаммен немесе адамдардың тобымен әңгімесі, олардың жауаптары, ғылыми тұжырымдар үшін негізді материалдар болып табылады.