ИНТЕРВАЛ

lat: INTERVAL

1) бірнеше нысан арасындағы арақашықтық, аралық, уақыттағы үзіліс; 2) (әскери) әскер қатарлары немесе әскери бөлімдер арасындағы арақашықтық. 3) (муз.) бір уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылған екі дыбыстың арасындағы жоғарылықтың әралуандығы; 4) (мат.) берілген екі шаманың арасындағы оларды қамтымайтын барлық нақты сандардың немесе нүктелердің жиынтығы.