1) (лингв.) сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі. 2) сөйлеушінің сөйлеуге деген көзқарасын, сезімін білдіретін айтудағы ырғақты әуен, сазды үн, сөйлеу мәнері; 3) (муз.) ән айту немесе музыкалық аспапта ойнау кезінде сазды үнге түсудің дұрыстығы немесе бұрыстығы; 4) мәнерлі айналымның, әуеннің болуымен сипатталатын музыкалық шығарманың ең қысқа бөлігі.