ИНВЕСТОР

lat: INVESTOR

(қаржы) инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, мемлекет. Инвестор ең алдымен табыс табуға, қаржысының қауіпсіздігіне және капитал құнының өсуіне мүдделі. Мемлекет, аймақтар, ұйымдар, кәсіпорындар, жеке адамдар, құнды қағаздар нарығындағы ойыншылар инвестор бола алады.