кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Кәсіпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлі үйдегі пәтерлер, көлік құралдары, ғарыш объектілері, айналымдағы тауарлар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Бөлінетін жемістер бөлген кезден бастап үшінші жақтың құқықтарының объектісі болмайтын жағдайда ғана олар ипотека мәні бола алады. Кәсіпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлі үйдегі пәтерлер, көлік құралдары мен ғарыш объектілері ипотекасы осындай объектілерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарда тіркелуге тиіс (1994 жылғы 27желтоқсандағы № 269 ҚР АК 303-бап)