ISBN

lat: ISBN

(баспа) сауда-саттық желісінде кітапқа қатысты жұмыстарды автоматтандыруға қажет кітап басылымының ерекше нөмірі. ББК, УДК және авторлық белгімен қатар, ISBN де баспа анықтамасына жатады. Аталған стандартты 1966 жылы Ұлыбританияда 9 белгіден тұратын кітаптың стандартты нөмірінің (ағыл. Standard Book Numbering (SBN) code) негізінде Гордон Фостер (ағыл. Gordon Fokler) жасады.