ИСПАН ТІЛІ

lat: ISPAN TİLİ

роман тілдерінің бірі (ибер-роман тобы). Испания, Латын Америкасындағы 19 елде ресми тіл. Филлипин, Африкада тараған тіл. Сөйлеушілер саны 331 млн. асады. БҰҰ-ның ресми және жұмыс тілі. ХVғ. аяғына дейін «Кастилия» тілі деп аталып келді. Испан тілі Пиреней жарты аралында б.э.д. ІІІ-ІІ ғғ. Римдік отарлаушылар әкелген латын тілінен тараған. Испан тілінің диалектілері: арогон, леон, астурия (Бабле) катилия, андалуз, испан тілінің дыбыстық құрамы 5 дауыстыдан құралған: а, о, е, и, і. Ең көне жазу ескерткіштері ХІІ ғ. жатады.