lat: ITARBA
аяғы жаңа шыққан баланы жүруге дағдыландыру үшін арнайы жасалған үш дөңгелекті қоларба. Биіктігін баланың қолымен итеріп жүруіне және бұруға ыңғайлы етіп үшбұрыш бітімде жасайды. Арбаны бұлайша атау иткөйлек, итжейде ұғымдары сияқты баланың итжанды болып өсуін ырымдағанды білдіреді.