Көркем мәтіндегі мазмұн мен түрдің сәйкестігі. Кең мағынада алатын болсақ, көркем шығармадағы мазмұн мен форманың (идея, сюжет, стиль, т.б.) үндесуі. Кейбір зерттеушілер қандай да болсын көркем шығармаға изоморфизм тән деген тұжырым жасайды. Алайда изоморфизм көркем шығармада көрініс табуы әрқалай, көбіне суреткердің шеберлігіне, көркем шығарманың эстетикалық деңгейіне байланысты болады.