ЯДРО

lat: Iadro

ат. nuсlеus, грек. kаоn ядро а т. ғ ы л. 1. Жердің орталық өзегі, физикалық құрылымының ішкі негізгі бөлігі. Ауыр элементтер Жердің центріне қарата шоғырмақталады деп қарастырып, Жер я д р о с ы н ы ң ауыр элементтерден тұратынын түсінуге болады (X.Әбішұлы, Халық астрон.). Галактика я д р о с ы н ы ң гравитациялық өрісі Жердің жылдамдығын да, атмосферасын да, массасын да ешқандай өзгертпейді (Т.Омаров, Күн және табиғи құбылыстар). Кейбір зерттеушілер ядро темір метеориттеріне ұқсас темір мен никельден құралған десе, ал өзгелері я д р о да мантияға ұқсас темір мен магнийдің силикаттарынан тұрады деп санайды (К.Сапарбайұлы Геология.). Сутегі изотоптарының атом я д р о с ы н д а ғ ы зарядтарды өзгерту де оңайға түспейді (Ж.Жатқанбаев, Су.). 2. Ағзадағы белоктық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі. Тұқым я д р о с ы н ы ң салмағын анықтау арқылы оның қоректік заттарының мөлшерін білуге болады (Д.Әбілев, Помидор.). 3. с п о р т. Спорттық жаттығуларда серпіп лақтыруға машықтанатын салмақты шойын шар. Ертелі-кеш бос уақыттарда жеңіл атлетикамен шұғылдандым, я д р о итердім, биікке қарғыдым, диск лақтырдым (Ә.Бүркітбаев, Мұғалім). 4. х и м. Сайып келгенде, протон-протондық циклда сутегі бастапқы материал ретінде алынады, дұрысын айтқанда, сутегі я д р о атомының протоны, яғни екі протонның қосылуынан басталады. Сонда ең ақырғы жаңа өнім гелий я д р о с ы н ы ң атомдары (Т.Омаров, Күн және табиғи құбылыстар).