ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЖАРЫҚТЫҚ СӘУЛЕЛЕНУІ

lat: Iadrolyq JARYLYSTYŃ JARYQTYQ SÁÝLELENÝİ

ультракүлгін қосылған, көрінетін және инфрақызыл аумақ аясына кіретін оптикалық диапазонның электрмагнитті сәулеленуі; ядролық қарудың зақымдаушы факторларының бірі. Жарықтық сәулеленуі көзі жарықтың жарықтанған аумағы болып табылады, оның қоршаған орта булары мен газдарының жоғары температураға (10 К шамамен) дейін қыздырылған плазмалы қалыптасулары бар, сонымен қатар олар химиялық реакциялар салдарынан қалыптасқан және ядролық қарудың өзіндік материалдарының булануынан болған.