Түркі тілдерінің бірі. Саха елі, Амур, Магадан, Сахалин, Таймыр, Эвенк автономиялы облысында тараған тіл. Бірнеше говорлары бар: орталық, вилюй, солтүстік-батыс және таймыр. Якут тіліне сингорманизм, консонатизм құбылыстары тән. Морфологиясы агглютинативті, сонымен бірге аналитикалық тәсілдер мен флексия да кездеседі. Лексикасында моңғол, эвенк, орыс сөздері бар. Якут тілі ең алғашқы мәтін 1705 ж. Н.Витзен Амстердамда баспадан шығарған. 1922 ж. С.Новгородов якут тілі алфавитін жасайды. 1929 ж. бастап латын, 1939 ж. бастап орыс графикасына көшірілді.