Идиома

lat: Idıoma

[грек. idiôma] з а т е с і м. л и н г в и с т и к а л ы қ. Тілдегі сөздердің тура мағынасынан басқа ұғым тудыратын, бөліп-жаруға, яки басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейтін тұрақты сөздер түйдегі. И д и о м а тұрақты тіркестің бір түріаз. тілі энцикл.). И д и о м а н ы ң біртұтас мағынасы тұрақты тіркесті құрайтын сыңарлардың мағынасынан келіп тумайдыаз. тілі энцикл.). «Ат-тонын ала қашу», «қырғи қабақ болу», «төбе шашы тік тұру» деген мысалдар мәтел емес, и д и о м а немесе фразеологиялық түйдектер болса керек (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).