әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгеңде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады. Ол автордың, өмір құбылыстарын, жекелеген уақиға, жағдайларды қалай іріктеп, реттеп көрсетуінен, кейіпкерлердің халын қалай се зінуден, соларды бейнелеу қалпынан-ақ белгі беріп тұрады. Идея дайын күйінде, өзінен өзі бадырайып көрініп тұрған қорытынды пікір деп түсінуге болмайды. Өйткені шығармада айтылатын идеяны оның бүкіл өн бойынан, бүкіл мазмұн-мағынасынан, ондағы уақиғалардан немесе кейіпкер тағдырынан, барлық бейнелілік, суреттілік қасиетінен танимыз. Пәлендей нақтылы шығарманың басты идеясы қандай деген сұраққа кейде әркім әртүрлі жауап беретіні, тіпті сол шығарманың авторы осындай сауалға тікелей жауап беруден кейде бас тартатыны тегін емес. Өйткені шығарманың идеясы – тек дәлдеп сөзбен айтып берерлік түйін-пікір ғана емес, әдеби туындының барлық мазмұн-байлығы, көркемдік қасиеті арқылы бізге күшті әсер ететін идеялық қуаттыдығы. Шығарманың негізгі идеялық бағыты бөлшектерінен де, сипат-өзгешеліктерінен, бейнелік қасиеттерінен де сезіліп тұрады. Бірақ шығармаға тән идеялық, мағыналық өзгешелік жекелеген сөз, көркемдік құрал, суреттеу тәсілінің аясында бір қырынан ғана аңғарылады да, көркем туындының тұтас тұлғасынан (немесе қомақты, жеке бөлшектерінен) көптеген бейнелеу амал-тәсілдерінің, бедер-бояулардың өзара жүйелі жал ғастығы арқылы мейлінше толық, көрінеді. Тағы бір ескеретін жағдай – баяндалып отырған уақиғаларға, суреттелген кейіпкерлерге өзінің көзқарасын, беретін бағасын автор кейде тура айтып, айқын білдірсе, ал кейде шығармада әр түрлі күрделі уақиға, жағдайлар баяндалып, бірақ ешқандай дайын шешім, кесіп айтылған түйін болмауы мүмкін. Бірақ осының өзі оның пікір айту, немесе айқын жауап беруден бас тартуы емес, өзінше көркемдік тәсіл деп тусінген дұрыс. Мұндай тәсіл кейде жазушының оқырмандарын толғандырып, оның, өмірдегі күрделі мәселеге өз тарапынан жауап іздеуіне түрткі болу мақсатынан туады. Идея көркем туындының өн бойына, бар бітім-болмысына ажар беріп тұрады. Идеясы терең, өткір ой-сезімге толы шығармада әр бейне, әр сөз идеяның ой-сезімнің қуатымен нәрленіп тұрады. Айтатын ой-пікірі кұнарсыз, солғын, сезім күші әлсіз шығармада көркемдік түр, көркемдік қасиет болуы мүмкін емес. Өйткені, ондай шығарманың құрылысы, сыртқы түрі, олардың жеке бедер-белгілері – бәрі де өңсіз, әсерсіз сезіледі. Шығармада бастан-аяқ үзілмей, тұтасып тұрған жарастық-гармония, мазмұн мен түрдің, ой-сезім мен сөз кестесінің бірлігі жетімсіз болған соң, тіпті жекелей алғанда ұтымды айтылған сөздер, қисынды табылған бейнелер де әр жерде бөлек қалады. Ахметов З.