ИДЕЯ

lat: Ideıa

а) «мәнін», «мағынасын», «маңызын» білдіретін ұғым; ой, нәрсе жайлы немесе құбылыс жайлы жалпы түсінік; адам ойының жемісі; ә) теориялық жүйенің, логиқалық құрылымның, дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік; б) ой, ниет; в) бір нәрсенің, Мысалы, ғылыми немесе саяси шығарманың негізгі ойы. Идея объективті шындықтың көрініс табу нәтижесі ретінде зерттелуші құбылыстың байланыстары мен әртүрлі қырларының мәнін ашушы болып табылады. «Идея» ұғымы саяси ғылымда кеңінен қолданылады, ал оның түсініктері мен категориялары саяси құбылыстарға жататын идеялардың жиынтығы.