Идеалистік

lat: Idealısik

с ы н е с і м. Идеализмге тән, идеализмге қатысты. Сөйтіп и д е а л и с т і к көзқарасқа негізделген «мифтік теория» ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз. әдеб.). Будда дінінің теориялық бұлағы ертедегі Үнді елдеріндегі діниилософиялық, и д е а л и с т і к ілім (Х.Ақназаров, Ғылыми атеизм.). И д е а л и с т і к және материалистік бағыттар, индуизм, буддизм, иудаизм, христиан, ислам діндері туралы қысқа да нұсқа мағұлматтар, ғалам сырын ұғыну мақсатында пайда болған түрлі ағымдардың жағымды, жағымсыз жақтарын екшеп, пікір түюі автордың негізгі ойын ұдайы алға шығарып отырады («Қаз. әдеб.»).