Идеализм

lat: Idealızm

философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт. Идеализмде рухтың - биматериалдылықтың алғашқылығы, материалылықтың соңғылығы тұжырымдалған. Идеализм сананы табиғаттан бөліп қараайды, сондықтан сана мен таным процесін шарасыз мистификацияға ұышыратып, көбінесе скептицизм мен агностицизмге душар болады. Материалистік детерменизмге Идеализм телелеологиялық көзқарасты қарама-қарсы қояды. Буржуазиялық философтар "Идеализм" терминін бірнеше мағынада қолданады, ал бұл бағыттың өзі Идеализмді шынайы философиялық бағыт ретінде қарастырады. Диалектикалық материализм бұл көзқарастың қанағат етерліктей негізі жоқ екендігін дәлелдейді, бірақ Идеализмді жәй сандырақ , бос сөз деп танитын метафизикалық және қарабайыр материализмге қарағанда Идеализмнің әрбір нақты формасының гносеологиялық тамырларының бар екендігін жоққа шығармайды. Теориялық ойлаудың өріс алуы Идеализмнің мүмкіндігі - ұғымдардың өз объектілерінен бөлінуі - қарапайым абстракцияның өзінде-ақ көрініс беретіндігін дәлелдеді. Бұл мүмкіндік мифологиялық, діни-фантастикалық нанымдардың ғылымсымақ тәрізді жалғасы ретінде. Идеализм пайда болатын таптық қоғам жағдайында ғана шындыққа айналады. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан Идеализм материализмге қарама-қарсы бұрынғысынша, болмысты дұрыс көрсетуге, қоғамдық қатынастарды түбірінен қайта құруға мүдделері кереғар консервативтік топтармен таптардың дүниетанымы болып табылады. Осы тұста Идеализм адам танымының дамуы барысында кездеспей қоймайтын қиыншылықтарды абсолюттендіреді. Сонымен қатар Идеализмнің жекелеген өкілдері жаңа гносеологиялық сұрақтар қойып, таным процесінің формаларын зерттеу арқылы бірқатар маңызды мәселелерді жетілдіре түсуге дем береді. Идеализмді көптеген дербес формаларға бөлетін философтарға қарамастан оның барлық түрлерін екі топқа жіктеу керек; шындықтың негізіне дербес пе өзіндік қасиеті жоқ жалпы рухты, жеке адамның санасынан тыс және жоғары бүркемелі саналылықты алатын объективтік Идеализм және дүние туралы білімдердің барлығын жеке адам санасының мазмұны деңгейінен шығаратын субьективтік Идеализм. Бірақ субьективтік Идеализм мен обьективтік Идеализм арасындағы айырмашылық абсолютті емес. Көптеген объективті - идеалистік философиялық жүйелерде субьективті-иедалистік элементтер де болады; басқа жағынан қарағанда, субъективтік идеалистер солипсизмге бой ұрудан қашқақтап көп жағдайда объективтік Идеализм жағына көшеді. Философия тарихында объективті-идеалистік ілімдер ең алдымен Шығыста пайда болды (Веданта, Конфуцийшілдік). Объективтік Идеализмнің классикалық формасыретінде Платонның философиясын айтуға болады. Платонның обьективтік Идеализмнің ерекшелігі жалпы барлық ежелгі Идеализмге тән діни-мифологиялық түсініктермен тығыз байланысты. Бұл байланыс көне қоғамның дағдарысқа ұшырау дәуірінде, б,з, басында, тек мифологиямен ғана емес, барып тұрған мистицизмнің өзімен біріккен неоплатонизмнің дамуы кезінде нығая түсті. Объективтік Идеализмнің бұл ерекшілегі философияның теологияға толық бағынған ортағасырлық дәуірінде одан әрі күшейе түсті (Августин, Фома Аквинский). ӘСіресе Фома Аквинский қайта жаңғыртқан объективтік Идеализм бұрамланған аристотелизмге сүйенген болатын. Декарттан бастап жаңа заманның философиясында индивидуалистік сарын үдеген сайын субьективтік Идеализм бірте-бірте дами түсті. Берклидің гносеологиялық жүйесі мен Юмнің философиясының белгілі бөлімі субьективтік Идеализмнің классикалық көрінісі болып табылды. Кант философиясында бір жағынан, - "өзіндік заттың" субьекті санасына тәуелсіздігі арқылы мақұлдайтын материалистік агностицизмнің негізін құрастыратын, осы сананың формаларының априорлығы туралы субьективті - идеалистік қағидаға ұштастырумен қатар, екінші жағынан, бұл формалардың индивидуалдықтан жоғарғы сипатта бар деп табуы арқылы обьективті-идеалистік түсінікті мойындатады. Мұнан былай субьективті-идеалистік бағыт Фихте философиясында, ал обьективті-идеалистік бағыт Шеллинг философиясында және, әсіресе, диалектикалық Идеализмді тұтас қамтитын жүйе жасап шығарған Гегель философиясында басым болды. Гегельдің мектебі ыдырығаннан кейінгі Идеализм эволюциясы буржуазиялық прогресшіл қоғамдық дамуының өз ролән жоғаотумен және диалектикалық материализмге қарсы күресімен байланысты. Буржуазиялық философтардың өз түсінігнде "Идеализм" ұғымы тек қана оның ең айқын, спиритуалдық формасымен барабарландырылды. Көптеген "аралық" тіпті Идеализм мен материализмнен де "жоғары тұратын" міс ілімдер де пайда болды (позитивизм, неореализм және т.б.). Агностикалық және иррационалдық ағымдар философияны "өзін-өзі алдау қажеттігі" ретіндегі аңызға айналдыру, адамның ақыл-ойына, адамзаттың болашағына сенбеу және т.б. ұлғая түсті. Экзистенциализм және неопозитивизм, сонымен бірге католиктік философияның кейбір меетептері, ең алдымен неотомизм сияқты Идеализм формалары тарады. Аталған үш бағыт - 20 ғасырдың ортасындағы ағымдардың ең бастылары. Алайда солармен теңдес және олардың ішіне осы ғасырдың екінші жартысында Инің ұсақ мектептерге бөліну прцесі жалғаса берді. Қазіргі Идеализм формаларының "көптүрлілігінің" ең басты әлеуметтік себептері - буржуазиялық сананың тереңдей түскен қайшылығы және идеалистік философияның имперализмге саяси күштерінің "тәуелсіздік" иллюзиясын баянды етуге тырысуы болды. Басқа жағынан алғанда Идеализмнің әртүрлі ағымдарында өзара жақындастыру және тіпті "будандасу" сияқты кереғар процестер де өтіп жатыр.