ф и з и к а л ы қ. Тұтқырлығы мен жылу өткізгіштігі болмайды деп есептелетін сұйықтық. Идеал сұйықтықта ішкі үйкеліс болмағандықтан, оның көршілес екі қабатының арасында жанама керіліс болмайды (ҚҰЭ). И д е а л с ұ й ы қ т ы қ моделін қолдану сұйықтықтар мен газдардың әртүрлі пішінді құбырлардағы қозғалысын, олардың сорғалап ағуы мен денелерге орай ағып өтуі жөніндегі есептерді теориялық тұрғыда шешуге мүмкіндік береді (ҚҰЭ). И д е а л с ұ й ы қ т ы қ – абсолюттік қозғалмалылығымен, жанама кернеуінің жоқтығымен және температураның өзгеруі немесе кез келген күштің әсер ету кезінде де көлемінің абсолютті түрде өзгермейтіндігімен, сығылу және ұлғаю деформациясының болмауымен сипатталатын сұйықтық (Қаз. тілі термин. Су.).