Идеалдылық

lat: Idealdylyq

адамның бір мақсатты көздеген іс-әрекетінде пайда болатын объективтік нақтылықтың субьективтік бейнесі. "...Идеалдылық дегеніміз адам санасына енгізілген және онда қайта қорытылған материалдылықтан басқа еш нәрсе де емес" (Маркс К. Капитал, 1 т. 28 б.) Өткен ағсырлардағы матеиалистік философияда заттар іс-әрекеттің нәтижесі емес, меңзеу объектісі түрінде, субъектіге қарама-қарсы тұрған нәрсе ретінде қарастырылды. Соның нәтижесінде Идеалдылық организмнің Сыртқы иматериалдық күштердің әсеріне реакциясы болып табылады немесе субьектінің рухани және денелік қызмет атқаруларының байланысын танылмайтын болып табылатын оның рухани белсенділігінің көрінісі. Идеалистер, әдеттегідей, мұндай белсенділіктің сезім-түйсіктен жоғарылығына ерекше көңіл аударып, Идеалдылықты ерекше биматериалдық "дүниежүзілік ақыл-ой - және т.с.с. субстанцияның көріністері, сипаттамасы деп қарастырады. Сөйтіп олар Идеалдылықтың адам іс-әрекетіндегі атқаратын ролін ерекше әсірелеп көрсетіп, оны іс-әрекеттің негізгі түйіні және жалпы бастамасын деп тапты (неміс классикалық идеализмі). Жаңа философияның түсінік түйіні бойынша идеалдылық -адамға тәуелсіз болмыстың формалары және адамның саналы іс-әрекеттерінің мақсаттары мен дәлелдерін құрастыратын олардың барлық қоғамдық мәндердің жиынтығы. Бұл бейнелер тек обьективті өмір сүретін заттар мен құбылыстарды ғана бейнелеп қоймайды, адам қатыныастарының, олардың іс-әрекеттерінің, дағдылары мен өзара байланыс әдістерін білдіреді. Сана тек белгілі материалдық құралдар мен процестер арқылы ғана жұмыс імтей алатын болса да (қоғамның практикалық іс-әрекеті, орталық жүйке жүйесінің физиологиясы, тілдесудің сигналдық құралдары және т.с.), ол бұлардың ешқайсысына жатпайды. Реалды бар заттармен емесе, сол заттардың "орынбасарлары", модельдері ретінде қолданылатын олар дың бейнелері, тілдік маңыздары мен мағыналары арқылы іске асып отырса да, идеалдылық объективтік заңдарды зерттейді және соның негізінде болашақтың жобасын жасайды. Оның қолынан объективтік шындықты бұрмалайтын болмыстық түсініктер мен бұлдыр ұғымдарды құрастыру да келеді. Сондықтан іс-әрекет процесі кезінде заттардың объективтік мәнінің қаншалықты дәл және толық бейнеленгенін айқындау үшін олардың бейнелерін заттар дың өздерімен .немі салыстырып отырады. Идеалдылық - бұл индивидтер меңгере алатын мәдениет формалары, бұл адамзат тарихы жасап шығарған бейнелері. Олардың көмегімен дүние тек қана танылып қоймайды, ол қайта өзгертіліп құрылады да.