Идентификация

lat: Identıfıkasıaá

ат. identificare] з а т е с і м. 1. Бір нәрсені, біреуді тану; бір нәрсемен, біреумен ұқсастыру, теңдестіру. Бірінші мағынада и д е н т и ф и к а ц и я термині танымдық процестер психологиясында, сондай-ақ инженерлік психология мен заң психологиясында қолданылады; и д е н т и ф и к а ц и я екінші мағынасында субъектінің өзін басқа субъектімен, топпен, үлгімен ұғынбай теңдестіруінің эмоциялы-когнивтивті процесі; әлеуметтік психологияда индивидтің өзін басқа адаммен ұқсастыруы, өзін басқаның орнына қою, оның жеке бастық мағыналарын игеруі. Соған сәйкес мінез-құлық нысандары (альтруизм, эмпатия, т.б.) арқылы объектіні үйренуі және оған еліктеуі (ҚҰЭ). И д е н т и ф и к а ц и я барысында субъект объектінің сыртқы мінез-құлық нысандарын, басқа адамның ойларын, сезімдерін, әрекетін өзіне көшіреді (ҚҰЭ). 2. қ о ғ а м д ы қ - с а я с и. Жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екенін сезініп, түсінуі. И д е н т и ф и к а ц и я н ы термин ретінде алғаш қолданған З. Фрейд болатынаясаттану сөздігі). Кеңес халқы деген идеологияландырылған идея тұман сияқты сейіліп, әр ұлт өз түп тамырын іздей бастаған сәтте, қазақ халқы мемлекет құру статусына ие болған тұста Ата Заңымызда ұлттық и д е н т и ф и к а ц и я жасалынды, онда «Қазақ ұлты өзін-өзі айғақтап, барша азаматтарға тең құқық қамтамасыз етеді» делінген («Егемен Қазақстан»).